Тоқаев БҰҰ жүйесінде жұмыс істейтін қазақстандықтармен кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Римге ресми сапары жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымында (FAO), сондай-ақ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасында (WFP) жұмыс істейтін бір топ Қазақстан азаматтарымен жүздесті.
БҰҰ жүйесінде жұмыс күрделі, жауапты, бірақ өте маңызды. Сондықтан баршаңызға табыс тілеймін, – деді Тоқаев.