«Тілім менің-тірлігімнің айғағы» полицейлер мәнерлеп оқу байқауына қатысты

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай Полиция департаментінде «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты тіл апталығы бастау алды. Осы апталық аясында «Тілім менің- тірлігімнің айғағы» тақырыбында ұлты өзге полицейлер арасында мәнерлеп оқу байқауы өтті.

Сайыстың мақсаты-полиция қызметкерлері арасында мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын арттыру және мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау. Байқауға қатысушы өзге ұлт өкілдері өздерін қазақ тілінде таныстыра отырып, еліміздің белгілі ақын-жазушыларының шығармашылығынан жатқа өлең оқыды.

Өзге ұлт өкілдерінің тілге деген құрметінің шексіздігін танытқан бұл сайыста жүлделі І-орынды Сайрам ауданынан келген учаскелік полиция инспекторы Азиз Толқынұлы Убайдуллаев иемденсе, ІІ-орынды Ордабасы аудандық полиция бөлімінің полиция лейтенанты Диас Мұхитдинұлы Абдазимов алды. Ал жүлделі ІІІ-орын Арыс аудандық полиция бөлімі штаб тобының аға инспекторы Крокус Мади Михаиловичке бұйырды.

Жеңімпаз полицейлерге департамент бастығының Грамотасы мен бағалы сыйлық табысталды. Бұл шара келесі күні полицейлер арасындағы басқа байқаумен жалғасады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ