Терроризмге қарсы күрес – ортақ мiндет!

Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан аумағындағы әлеуметтік нысандардың басшыларымен террористік тұрғыдағы осал обьектілердің ланкестіктен қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды түсіндіру мақсатында облыстық жұмысшы топпен бекітілген кестеге сәйкес жиын өтті.

Жиынға Түркістан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы Мұстафа Ерлан Сайпназарұлы, Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің жедел өкілі Олжабек Еламан Дүйсенбекұлы, Түркістан облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының аға инжинері, полиция аға лейтенанты Жақсылық Алмас Әбдіманапұлы қатысты. Басқосу аудан әкімінің орынбасары Марат Жанесеннің төрағалығымен өтті.

Кездесу барысында қатысушыларға әлеуметтік нысандарға қажетті талаптар кеңінен түсіндіріліп, жұмысшы топ өкілдері мекеме басшылары тарапынан қойылған сауалдарға жан-жақты жауаптар берді.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ