Терроризмді насихаттады деген айыппен екі қазақстандық сотталды

ҰҚК баспасөз қызметі бұған дейін терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталған екі Қазақстан азаматының үстінен сот процестері аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Анықталғандай, Тараз тұрғыны өз ортасына шетелдегі лаңкестер жағындағы әскери қимылдарға қатысуға шақырулар таратып, өзі де соларға қосылмақ болған. Ер адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 256-бабы “Терроризмді насихаттау” және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы “Діни араздықты қоздыру баптары бойынша кінәлі деп танылды. Ол жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

Тағы бір Алматы қаласының тұрғыны, басқа қылмыстары үшін бірнеше рет сотталған, интернетте радикалды идеологияны насихаттаған. Алматы қалалық сотының үкімімен ол терроризмді насихаттағаны (ҚР ҚК 256-бабы), есірткі құралдарымен заңсыз айналысқаны үшін (ҚР ҚК 296-бабы) кінәлі деп танылып, сот үкімімен жеті жыл бір айға бас бостандығынан айырылды, — деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

ПІКІР ЖАЗУ