Тең мүмкіндіктер фестивалі өтті

Мемлекет басшысы барлық азаматқа тең мүмкіндіктер беру арқылы Әділетті мемлекетті құратынымызды айтқан болатын. Осы орайда, Қазақстан Республикасының Президенті: «Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасауға міндеттіміз. Мен бұл туралы өзімнің сайлауалды бағдарламамда айттым. Қазақстанда ешкімнің құқығы шектелмеуі керек», – деп нақты атап көрсетті.

«AMANAT» партиясы әлеуметтік әділдікті заң жүзінде бекітіп, іс жүзінде қалпына келтіруге кірісті. Қоғамның инклюзивті болуын қамтып, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға қолайлы орта түзуде «Кедергісіз келешек» жобасын іске асыруды қолға алды. Партияның осы жобасы аясында бүгін Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында балаларға арналған «Тең мүмкіндіктер» инклюзиялық спорт фестивалі болып өтті.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы Әйелдер қанатының бастамасымен ұйымдастырылып өткізілген фестивальге облыс әкімдігінің бірқатар басқармалары қолдау көрсетті. Фестивальдің ашылу салтанатында партия филиалы Әйелдер қанатының кеңесшісі, атқарушы хатшысының орынбасары, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Қалыйма Жантөреева, Түркістан облысы әкімнің орынбасары Ертай Алтаев сөз алып, белсенді өмір салтын ұстануға бекінген балақайларға берекелі жеңіс жолын тілеп, жарыстан үздік шығуларына тілектестіктерін жеткізді.

«Басты құндылығымыз – адам деп белгілеген қоғамымызда, балалар біздің басты байлығымыз. Бала жанын анадан артық кім ұғады? Облыстық партия филиалының Әйелдер қанатының бастамасымен өтіп жатқан фестивальге 100-ден астам ерекше күтімді қажет ететін балалар қатысуда.

ПІКІР ЖАЗУ