“Тек жеңіс керек”: Шавкат Рахмонов Тәуелсіздік күні қарсаңында еліне жеңіс сыйламақ

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC 310 турнирі алдындағы баспасөз мәслихатында журналистердің сұрағына жауап берді. Шавкат Рахмонов алдағы жекпе-жегінен кейін бірнеше күннен соң атап өтілетін Тәуелсіздік мерекесінің маңызы туралы айтты. “Тәуелсіздік күні мен үшін өте маңызды. Мен октагонға шыққанда бар күшімді сол жақта қалдырамын. Маған тек жеңіс керек, болды”, – деді Рахмонов. Сондай-ақ қазақстандық спортшы “Алдағы жекпе-жекте сабмишн жасаудағы дағдыларыңды қолданасың ба?” деген сұраққа жауап берді. “Иә, әрине. Жаттығулардың жөні бөлек, ал жекпе-жек мүлде басқа нәрсе. Сондықтан алдағы бәсекеде мен қарсыласыма бүкіл күшімді көрсетемін”, – деді ол. Айта кетейік, Шавкат Рахмонов 8 желтоқсанда таңертең ирландиялық Иэн Гэрримен Лас-Вегастағы UFC 310 турнирінде кездеседі. Олардың бәсекесі 5 раундқа жоспарланған. Екеуі де бұған дейін аралас жекпе-жекте мүлде жеңіліп көрмеген. Гэрридің рекорды – 15-0 болса, Рахмоновтікі – 18-0. Осыған дейін Рахмонов пен Гэрри UFC 310 турнирі алдындағы баспасөз мәслихатында көз түйістірген еді. Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2196993-magan-tek-zhengis-kerek-shavkat-rahmonov-tauelsizdik-kuni-qarsangynda-eline-zhengis-syilamaq/

ПІКІР ЖАЗУ