Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

«Таза Қазақстан» экоакциясы аясында полиция қызметкерлері жұмыстар атқаруда

?Түркістан облысы, Созақ ауданының аумағында «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында Созақ ауданы аумағындағы елді мекендер мен кенттердің аумақтарын абаттандыру және ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың алдын алу мақсатында, Созақ ауданы полиция бөлімінің жеке құрам қызметкерлері күшейтілген түрде жұмыстар атқаруда.

?Қазіргі таңда, белгiленбеген орындарда сауда жасау, ортақ пайдаланылатын орындарды ластау, елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ жасыл екпелерді жою және бүлдіру және тағы басқа да 800-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды.

? Құрметті Созақ ауданының тұрғындары мен қонақтары! Қоршаған ортаны таза ұстап, аялау баршамыздың азаматтық борышымыз. Ол үшін санитарлық тазалықты әркім өзінен, үйінің, ауласының және жұмыс орнының маңынан бастауы керек. Баршаңызды тазалықты сақтап, аумағымыздың абаттануына үлес қосуға шақырамыз! Бірлесе отырып көшеге қоқыс тастамау мәдениетін қалыптастырайық, құқық бұзушылықтарға жол бермейік.

Созақ ауданы полиция бөлімі!

Сәйкес жаңалықтар

Түркістандық мас жүргізуші автобуспен 40 жолаушыны тасымалдаған

admin

Аймағамбетов мектеп оқушыларының демалысын қысқарту туралы ұсынысқа пікір білдірді

admin

Кентау: қала әкімі ауылдың жол құрылысын бақылады

admin