“Таза Қазақстан” акциясы аясында 700-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

“Таза Қазақстан” акциясы аясында 700-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Акцияның мақсаты – халықтың назарын табиғаттың ластану проблемасына аудару, тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру

Акция аясында Мақтааралдық полицейлер қоршаған ортаны абаттандыру, жалпы пайдалану орындарын ластау ережелерін бұзудың алдын алу бойынша іс-шараларды жүйелі түрде жүргізіп келеді.

Атап айтқанда, акция басталғалы полицейлер 700-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған. Оның ішінде, белгiленбеген орындарда сауда жасау-48, ортақ пайдаланылатын орындарды ластау-520, елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ жасыл екпелерді жою және бүлдіру- 103 және жол жабындысын ластау – 33 болған. Осы құқықбұзушылықтар бойынша, әкімшілік хаттамалар толтырылды. ​

Мақтааралдық сақшылар барша аудан тұрғындарын қоршаған ортаға немқұрайлы қарамауға, туған отанын көркейтуге өз үлестерін қосуға шақырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ