«Тәуелсіздігім – мақтанышым!» атты Желтоқсан құрбандарын еске алу күніне арналған іс – шара өтті

«Тәуелсіздігім – мақтанышым!» атты Желтоқсан

құрбандарын еске алу күніне арналған

іс – шара өтті.

Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,

Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.

Есте сақтап ағалардың ерлігін,

Жүректерге сақтау керек үнемі.

1916 жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы ашаршылық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, Ұлы Отан соғысы, 1986 жылғы жерді дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Себебі, бұл – тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталары сөзсіз.

1986 жылғы “Желтоқсан оқиғасы” тәуелсіздіктің, азаттықтың, демократиялық жаңғырудың бастауы болды. Ол жас жігіттер ар-намыс пен елдік рух жолында теңдікті талап еткен тегеурінді күш-қайнарының тоғысқан шағы еді. Ел мен ұлттың тәуелсіздік хұқын қорғау үшін бас көтерген желтоқсандық жігіттер мен қыздардың бұл қадамы шын мәнінде ерлік еді. Міне, осы қанды оқиғадан кейін бес жыл өткен соң, Қазақстан тәуелсіздік туын тікті.

14 – ЖЕЛТОҚСАН Төлеби аудандық мәдениет үйінде Желтоқсан құрбандарын еске алуға арналған «Тәуелсіздігім – мақтанышым!» атты әдеби – сазды кездесу кеші өтті.

Жиын барысында арнайы желтоқсанның ызғарына қарамай келешек ұрпақатарға бабалардан қалған егемендігімізді қорғап қалу үшін сол дүрбелеңге қатысқан азаматтарымыз Нұржамал Шажалықызы, Хасан Ермаханұлы және Сүбітай Жүнісәліұлымен сұхбат жүргізіліп, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары тақырыпқа сай әсем әндерін көрермен назарына ұсынды.

ПІКІР ЖАЗУ