Тау шайыры

Бүгін Түлкібас аудандық мәдениет үйінде Түлкібас ауданының тумасы, жерлесіміз соғыс және еңбек ардагері, Түлкібас ауданының құрметті азаматы, ақын Тұрар Байсариевтің 100 жылдығына және Республика күні мерекесіне орай ” Тау шайыры” облыстық ақындар айтысы ұйымдастырылып өтті.
Мәдени іс-шара барысында “Тұрар ақын-100 жаста” тақырыбында ақынның өмірі туралы бейнеролик көрсетіліп, “Ақын жыры-өмір сыры” тарихи өмір деректерінен сахналық көрініс көпшілікке ұсынылды.
Облыстық айтысты ақын, ҚР мәдениет саласының үздігі, “Ерең еңбегі” төсбелгісінің иегері, Ордабасы ауданының құрметті азаматы Әбдіхалық Әбдірайымов жүргізді.
Мерекелік шараға аудан әкімі Нұрлан Байғұт, зиялы қауым өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты.
Аудан басшысы шараның ашылу салтанатында алғы сөз алып, аудан жұртшылығын мерекелерімен құттықтап, от тілді – орақ ауызды оңтүстік өңірінің беделді айтыскер ақындарына сәттілік тіледі.
Айтыста арнайы құрылған қазылар алқасының шешімімен
🥇 орынды Кәрима Оралова;
🥈 орынды Бекарыс Шойбеков;
🥉 орынды Анар Жаппарқұлова;
🥉 орынды Бөрібай Оразымбетов;
“Түлкібас ауданы әкімінің арнайы жүлдесін” Мейіржан Жақып, “Тұрар Байсариев атындағы жүлдені” Серік Жұмәділ иеленіп, жүлделі орындардан көрінген айтыскерлер ұиымдастырушылар тарапынан қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ