Тәртіп сақшылары жоғалған жылқыларды тауып, иесіне қайтарды
Жетісай АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып келді. Ол өз арызында Мақталы-Жетісай тас жолы бойындағы егістік алқапта жайылып жүрген 4 бас жылқысы жайылымнан келмей, ұшты-күйлі жоғалғанын жеткізді. Жәбірленушіге 1 300 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.
Жетісай АПБ-нің қызметкерлері ақпарат алысымен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Учаскелік полиция инспекторларынан құрылған іздеу тобы егістік алқапқа барып, көрген-білгендерден сұрастырды. Өздеріне бекітілген аумақтың ой-шұқырын жақсы білетін тәртіп сақшылары, тау-тасты шарлап шықты.
Осылайша жан-жақты, дұрыс бағытта жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде жәбірленушінің жылқылары Жетісай ауданы Атамекен ауылдық округіне қарасты егістік алқапта жайылып жүрген жерінен табылып, иесіне қайтарылды.
Осы орайда, полицейлер тұрғындарға қора-жайды мықтап қоршап, бекітіп, малды жайылымға жіберер кезде сенімді адамға немесе бақташыға тапсыруды ескертеді.
ТО ПД баспасөз қызметі