Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Таразда «Омар ата» базары өртеніп жатыр

 Тараз қаласында «Омар ата» базарындағы өртті сөндіруге 40-қа жуық ТЖД қызметкері атсалысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тараз қаласы ТЖБ баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 11 наурызда сағат 08:56-да Тараз қаласы, Мәмбет батыр көшесі № 3, «Омар ата» базарының аумағында қойма өртенді. Алдын ала болжам бойынша қызыл жалын 350 ш.м. алаңды шарпыған. Өртті сөндіруге ТЖД 40-қа жуық қызметкері мен 13 арнайы техникасы жұмылдырылды. 

«Омар ата» базарындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен құтқарушылардан басқа Апаттар медицинасы орталығы филиалының қызметкерлері мен психологтар жұмыс атқарып жатыр, — деді Тараз қаласы ТЖБ бастығы Ербол Әміров.

Өрттің себебі анықталуда. Сағат 10.05-те өрт оқшауланды. 

Сәйкес жаңалықтар

«Суды үнемдейтін озық технологияны енгізу ісін тездетіп, оны қолдану аумағын жыл сайын 150 мың гектарға дейін кеңейту» тапсырмасы орындалуда

admin

Иранда жыл басынан бері 251 адам сот үкімімен дарға асылды

admin

Сайрам: аудан әкімінің жұмысына апталық шолу

admin