Таразда биыл 110 көше жөнделеді
Биыл Тараз қаласында ұзындығы 78,1 шақырымды құрайтын 39 жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жоспарланып, сараптамадан өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Атап айтқанда, 110 көше, бұрылыс, тұйық, өткел және 5 жаяу жүргінші жолы жөнделіп, 165 көшеге шағал төселеді деп күтілуде.
Оның ішінде Ұлы дала шағын ауданында 10 жолдың құрылысы көзделіп отыр.
Ал, ұзындығы 1,9 шақырымды құрайтын Рысбек батыр көшесіне (Төле би даңғылынан Сүлейменов көшесіне дейін) сараптаманың қорытындысы алынып, қайта жаңғырту үшін республикалық бюджетке өтінім берілді.
Бүгінгі таңда сараптаманың қорытындысы алынған 18 нысан бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.
Айта кетейік, қазіргі таңда қала көшелерін жөндеуге бюджеттен 400 млн теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өтіп жатыр.