Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Тараз қаласында жүргізуші куәліктерін заңсыз сатқан 7 адам сотталды

2023 жылдың қыркүйегінде облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында Тараз қалалық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жүргізуші куәлігін заңсыз сатқан адамдар тобын әшкереледі.

МХҚКО-ның 2 қызметкері, 1 программист маман, 4 делдал алдын ала сөз байласу арқылы ақша қаражатына Жамбыл, Түркістан және Алматы облысының 21 тұрғынына заңсыз жүргізуші куәліктерін жасаған. Аталған азаматтар бұрын емтихан тапсыра алмай, көлік жүргізу құқығын алмаған.

Атап айтқанда, Тараз қалалық МХҚКО-ның қызметкері өзінің сыбайласы болып табылатын Алматы қалалық МХҚКО-ның программист-маманы арқылы Түркістан облысының тұрғынын практикалық емтихан тапсырмағанына қарамастан, емтиханнан сәтті өткенін ақпараттық жүйемен растаған.

Ал ақша қаражаттары емтихан тапсырушылардан 100 мыңнан 200 мың теңгеге дейінгі көлемде түрлі облыстардың делдардары арқылы Тараз қалалық МХҚКО-ның қызметкеріне жиналып, араларында өзара бөлінген. Осы тектес қылмыстық схема 20 азаматқа қатысты орын алған. 27.02.2025 жылы Тараз қалалық №2 сотымен МХҚКО-да заңсыз жүргізуші куәлігін сатқан адамдар тобына қатысты айыптау үкімі шықты.

Сот үкімімен кінәлі тұлғаларға 3,6 жылмен 4,6 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, шартты деп танылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Сондай-ақ, қылмыстық қудалау органының талабы бойынша жүргізуші куәліктері жарамсыз деп танылды.

Сәйкес жаңалықтар

Ордабасы: Бүгін аудан әкімі Нұрбек Бадырақов аудан ардагерлерімен кездесіп, серпінді ауданды басқару жұмысында қариялардың батасын алды.

admin

Түркістан облысында 50 мың бас ірі қара малға арналған ауқымды ферма салынуда 

admin

Мобильді топ нысандарды аралады

admin