Тапа-тал түсте бірнеше скутер ұрлаған үш түркістандық ұсталды

Тапа-тал түсте бірнеше скутер ұрлаған үш түркістандық ұсталды

 

Шымкент қаласында тапа-тал түсте скутерлер ұрлаған үш түркістандық азамат ұсталды.  Полиция қызметкерлері скутерлерді заңды  иелеріне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұрлық туралы арыздар Тұран ауданының полиция басқармасына түсті. Арызданушылардың айтуынша, скутерлер көпқабатты үйлердің ауласында тұрған. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларына дереу кірісті. Бейнебақылау камераларындағы жазбалар арқылы күдіктілерді анықтап, қозғалыс бағытын бақылады. Олар Түркістанда қолға түсті. Ұсталғандардың айтуынша, бөтен адамдардың скутерлерін үйлеріне қайту үшін айдап кеткен. Полицейлер мотокөліктерді тәркілеп, заңды иелеріне қайтарды. Ұрлық жайттары бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/shymkentte-tapa-tal-tuste-birneshe-skuter-urlaghan-ush-turkistandyq-ustaldy/

ПІКІР ЖАЗУ