“Талқыланбайды, тапсырма орындалады “

  Берілген тапсырмалардың орындалуы сараланған аппараттық мәжілісте қала басшысы осылай деді. Секторда өткен кездесулердің нәтижесінде Шауғар секторында тиісті бөлім басшыларына 14 тапсырма берілген болатын. Ол бойынша секторда жүйелі жұмыстар атқарылуда. Тапсырмалардың көрсеткіштеріне сәйкес, газбен қамтылған абоненттер саны – 7507-і құраған.

  Абылай хан мен Т.Рәмбердиев көшелері қиылысында балалар ойын алаңы салынуда. Сонымен қатар, тас төселген көшелер саны – 20-ға артып, 10 көшеге жолаяқ салынды. 5 көшеге жол белгілері орнатылды. С. Отарбаев, Ж.Майкотов көшелеріндегі ағаштарды суару жұыстары күшейтілді.
Заңсыз қоқыс төгу алаңына айналған – Абылай хан көшесіндегі темір жол аумағындағы полигондар қоқыстан толықтай тазартылды.61 көшеде тазалық жұмыстары күнделікті жүргізілуде. ️Тозығы жеткен ағаш бағанасы алынып, апатты деп танылған екі тұрған үйге техникалық шешім шығарылды.

Дереккөзі: Түркістан қаласының әкімдігі

ПІКІР ЖАЗУ