Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Таиландта қазақстандықтың денесі табылды

Сыртқы істер министрлігі Таиландтың Пхукет аралында 18 жастағы қазақстандықтың суға батқаны жайлы мәліметті растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

1 қыркүйек күні консулға Пхукет жағалауында жас жігіттің суға батып кеткені және оның Қазақстан азаматы болуы ықтимал деген мәлімет келіп түсті.

Екі күнге созылған іздестіру жұмысынан кейін таиландтық құтқарушылар 2005 жылы туған ер адамның денесін судан алып шықты.

Марқұмның ата-анасы Пхукетке келіп жетті және денені танып, анықтау процедурасына қатысады, — делінген СІМ баспасөз қызметінің ақпаратында.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан: Кентаулық түлектер мектепке спорт алаңшасын салып берді

admin

Тұран: ирригациялау жұмыстары басталды

admin

Полиция білім күнін мектептерде өткізді

admin