Тағы бір өңірдің қариялары 5 млн теңгеден алатын болды

Биыл Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлерге 5 млн теңге мөлшерінде біржолғы төлем қарастырылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының мәліметінше, облыста 9 Екінші дүниежүзілік соғысының ардагері бар.
Биыл Жеңістің 80 жылдығына орай оларға 5 млн теңге мөлшерінде біржолғы төлем қарастырылған. Бұған дейін бұл сома 1,5 млн теңге болған. Сондай-ақ ардагерлерге ай сайын 19 660 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек беріледі, – деп жауап берді әкім аппараты редакциямыздың ресми сауалына.
Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне теңестірілгендерге көмек:
• Ленинград қоршауында болғандар, ерікті жалдамалылар, фашистік лагерь тұтқындары (жалпы 6 адам) – 120 мың теңге және ай сайын 19 660 теңге.
• Қайтыс болған ардагерлердің жұбайлары (124 адам) – 50 мың теңге.
• Тыл еңбеккерлері (2 076 адам) – 50 мың теңге.
Бұған дейін Ақмола облысының, Түркістан облысының және Маңғыстау облысының ардагерлері Жеңістің 80 жылдығына орай 5 млн теңгеден төлем алатынын жаздық.
Еске сала кетсек, 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 85 203 ардагер тұрады. Олардың ішінде 1941-1945 жылдардағы соғысқа қатысқан ардагерлердің саны 120 адам.