Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жиын өтті
Бәйдібек ауданы полиция бөлімінің жеке құрам қызметкерлеріне «Жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы аясында жиналыс өткізілді. Шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент өкілі Ерұлан Тұңғышбаев және әкім аппаратының басшысы Эльдар Темірханұлы мен полицияның жеке құрам қызметкерлері қатысты.
Кездесуде Ерұлан Икрамұлы Сыбайлас жемқорлық-мемлекеттік құрылымдардың экономикасы аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығының салдарын айта келіп, сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершіліктерді түсіндірді.
Өз кезегінде шараға қатысқан аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Айдос Арынбеков сөз алып, барлық жеке құрам қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілгендігін және полицейлердің елдегі сыбайлас жемқорлықпен бірігіп күресуге дайын екендігін жеткізді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі