Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша бірлескен жиын өтті

ҚР Сот әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша департаменті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша бірлескен жиын өткізді.

Іс-шараға Сот әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы А.Апбас, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Б.Рахимжанов, аса маңызды істер жөніндегі тергеуші М.Утегенов, Департамент басшысының орынбасарлары, бөлім басшылары мен облыстық, аудандық соттардың сот қызметкерлері қатысты.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – Сыбайлас жемқорлық қылмыстық ісі бойынша құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою, алдағы уақытта болдырмау және алдын алу.

А.Апбас сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір азаматтың борышы екенін, сондай-ақ процесстік емес қатынастарды болдырмау және халықтың сенімін арттыруға бағытталған шаралар қабылдау қажеттігін назарға жеткізді.

Б.Рахимжанов сыбайлас жемқорлықтың біздің мемлекетімізбен демократиямызға нұқсан келтіретіндігін, сондықтан, кез-келген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қоғамдағы төзімділікті қалыптастыру үшін алдағы уақытта жүйелі жағдайлар жасалу керектігіне назар аударды.

Бірлескен жиналыс жұмысын қорытындылап, А.Апбас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру және оның жолын кесу Республика соттарындағы қызметтің басым бағыттарының бірі болып табылатаныдығын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті тоқтатпай, алдын-алу қажеттігін тапсырды.

ПІКІР ЖАЗУ