Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

🔹 Сауран ауданы  әкімі аппаратының басшысы, аудандық әдеп жөніндегі уәкіл Бахытжан Полатов аудан әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлерімен кездесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

🔹 Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті, сыбайлас жемқорлыққа тұрақты иммунитеті болмаса, қалаулы нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Біздің қоғамның әрбір толыққанды мүшесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу – бүкіл қоғамның, әрбір азаматтың ісі екенін атап өтті.

🔹 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра отырып, қоғамдық сананың өзгеруіне түрткі боламыз. Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана адамгершілік және адамгершілікке жат қылықты, заңды және заңсыздықтың шегін көрсетеді. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қамтамасыз ету үшін моральдық-адамгершілік, идеологиялық, құқықтық шараларды талап ететінін жеткізді.

©️ Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ