“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру” тақырыбында жиын өткізілді

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу жоспарына сәйкес Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен, ағымдағы жылдың 6 қазан күні Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ мектеп лицейінде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Заңының талаптарының сақталуы және сыбайлас жемқорлықа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, өскелең ұрпаққа адалдық және парасаттылық құндылықтары, сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарлары, олардың алдын алу бойынша еліміздің жеткен жетістіктерін кеңінен түсіндіру мақсатында арнайы жиын өткізілді.
Аталған жиынға Созақ ауданы поркурорының м.у.а А.Жағыппаров пен Созақ ауданы әкімі аппаратының заң бөлімінің бас маманы А.Исаева, Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ мектеп лицейінің мұғалімдерімен жоғары сынып оқушылары қатысты.

ПІКІР ЖАЗУ