Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2024 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылады

Ағымдағы жылдың 12 шілдесінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде а.ж. 1-ші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысы өткізілді.

Алқа жұмысына Президент Әкімшілігінің, Бас прокуратураның өкілдері, Қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ Агенттіктің және оның аумақтық бөлімшелерінің басшылық және жеке құрамы қатысты.

Агенттік Төрағасы Асхат Жұмағали өз баяндамасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының іске асырылуы, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және елді дамытуға бағытталған қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ Мемлекет басшысының бірқатар тапсырмаларының орындалуы туралы хабардар етті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдын алу жұмыстары аясында ағымдағы жылы 113 талдау мен мониторинг жүргізілді.

Білім, ғылым және спорт саласында маңызды талдаулар аяқталды.

Бюджеттік процестерді автоматтандырудың және деректер базасын интеграциялаудың болмауынан туындаған бюджет қаражатын жоспарлау және игеру кезеңдеріндегі жүйелік тәуекелдер білім беру саласында анықталды.

Бүгінгі күні қабылданып жатқан шаралармен қосарланған қаржыландыру, «жоқ жандарға» төлемдер, үстемеақылар мен тіркеулерді асыра бағалау фактілері алынып тасталады.

Ғылым саласына жүргізілген талдау ғылыми жобаларды іріктеудің ашықтығына, оларды іске асырудың формальдылығына, нәтижелер үшін жауапкершіліктің болмауына, зерттеу қорытындыларының төмен сұранысына байланысты елеулі тәуекелдерді айқындады.

Жобалардың 90%-ы белгіленген мақсаттарға жете алмайды, ал зерттеулердің 70%-ы практикалық маңызы жоқ мақалалар мен кітаптар жазумен аяқталады.

«Жоғары жетістіктер спорты» мен «бұқаралық спорт» арасындағы қаржыландыру теңгерімсіздігі, сондай-ақ оның ашықтығы спорт саласындағы теріс пайдалану үшін елеулі тәуекелдерді тудырды.

Агенттік қаржыландырудың ашықтығын, мемлекеттік қаражаттың тиімсіз жұмсалуын, өнім берушілердің үлестестігін, сатып алу бағасын көтеруді белгіледі.

Барлық көрсетілген талдаулар бойынша орындалуы Президент Әкімшілігінің бақылауындағы Тәуекелдерді жою туралы жол карталары әзірленді.

Ағымдағы жылы 84 проблемалық кейс шешілді, 9,5 мыңға жуық кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

Мысалы, Түркістан облысында фермерлерге суармалы суды қайта сатқан делдалдардың қызметі тоқтатылды.

Біздің бастамамыз бойынша су жеткізушімен тікелей шарттар жасалды, бұл ауыл тұрғындары үшін бағаны 2 есеге төмендетті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өңірлік бөлімшелері ағымдағы жылы проблемалық тұрғын үй және әлеуметтік объектілерді сүйемелдеуді жалғастырды.

Мониторингте 156 жоба бар, олардың 40-ы аяқталды.

Ағымдағы жылы аяқталған істер бойынша 195 млрд теңге өтелді.

Ал 2,5 жыл ішінде Қазақстан халқына 1,07 трлн теңге қайтарылды.

Агенттік халықаралық құқық қорғау желілерімен – БҰҰ жанындағы GlobE, Эгмонт, CARIN және ARIN тобымен белсенді ынтымақтастық құрылды, бұл шетелдік серіктестермен ақпарат алмасуды айтарлықтай жеделдетеді және жеңілдетеді.

Бүгінгі таңда Агенттік жемқорлыққа қарсы ведомстволармен 13 меморандум жасап, оның төртеуіне биыл қол қойылды.

Олар Әзірбайжан, Гонконг, Қатар және Ресей.

Сондай-ақ, алқа отырысында түрлі салалардағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, цифрлық құралдарды енгізу, жоспарланған заңнамалық өзгерістер, қылмыстық процесте адам құқықтарының заңдылығын және қорғалуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Талқылау барысында пікір алмасып, қабылданып жатқан жемқорлыққа қарсы шараларды жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды.

ПІКІР ЖАЗУ