Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Сыбайлас жемқорлық: 13 пара беруші мен 2 инспектор қамалды

 Қостанай облысындағы фитосанитарлық бекеттегі сыбайлас жемқорлық схемасы ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, Қарабалық аудандық соты Қостанай облысының фитосанитарлық бақылау бөлімінің екі бас маманына үкім шығарды. Олар 13 жүк көлігі жүргізушісінен карантинге жатқызылған өнімді тексерусіз шекарадан кедергісіз өткізгені үшін 2-ден 20 мың теңгеге дейін пара алған. 

Инспекторлар мен 13 пара беруші мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, инспекторлардан алынған пара сомасы өндірілді, — делінген хабарламада. 

Сот мемлекеттік айыптаушының өтініші бойынша қызметкерлер арасында профилактикалық жұмысты күшейту және болашақта сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жою мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне – жекеше қаулы шығарды.

Үкім пара алушылардың әріптестерінің қатысуымен жарияланып, заңды күшіне енді.

Сәйкес жаңалықтар

2023 жылы Түркістан қаласының халқы ауыз сумен толық қамтамасыз етіледі

admin

Түркістан облысында 16 мың гектарға жуық жерге жаңадан су үнемдеу технологиялары енгізілді

admin

ШЫМКЕНТ: Қоғамдық көліктерде күніне 2 рет дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі

admin