Суға шомылу кезіндегі сақтық шаралары түсіндірілді
⚠️ Қазіргі жаз маусымында барша тұрғындар үшін судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау айрықша маңызды. Әдетте су – салауатты өмір салтын сақтауға және демалудан мейлінше рахат алуға септігін тигізетін тіршілік нәрі, мейірімді досымыз болғанымен, кейде ол кенеттен келетін жоғары қауіптің көзі де болуы мүмкін.
✅ Осыған орай, аудандық Төтенше жағдайлар басқармасы мамандарының және ерікті жастардың бірлесуімен, аудан аумағында, оның ішінде, суға шомылу аймақтарында, өзен-көлдерде тұрғындар арасында суға бату жайттарының алдын алу шаралары жүргізілді.
🗒️ Түсіндірме жұмыстарының барысында тұрғындарға қауіпсіздік ережелері көрсетілген жадынама парақшалары таратылды.
🆘 Бұдан бөлек, суда тұншығу қаупі туындағанда қандай шұғыл сақтық шараларын қолдануды тәжірибе жүзінде көрсетті.
⏭️Жазғы маусымда тұрғындардың тыйым салынған орындарда суға шомылуының алдын алу, суға түсу барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау бағытындағы түсіндіру жұмыстары алдағы уакытта да тұрақты түрде жалғасатын табады.
🏢Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі