Спорт пен қызметті бірге ұштастырып халық құрметіне ие болған – құтқарушы

Егемендіктің ақ таңымен 1991 жылы дүниеге келген тәуелсіздік құрдастары бүгінде буыны қатайып, еліміздің дамуы мен өркендеуіне өз үлестерін қосып келеді.

Бүгін біз спорт пен қызметті бірге ұштастырып жүрген тәуелсіздіктің төл құрдасы – Әлібек Жұманов туралы айтатын боламыз.

Шымкент қаласындағы №2 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші қызметін атқарады. Жастайынан өз өмірін спортпен байланыстырып, біршама жетістіктерге жеткен, қазіргі кезде бар күш-жігерін өрт сөндіру саласына жұмсап, адам өмірін құтқаруда алдыңғы шепте көрініп жүрген маман.

Футболдан өткен Қазақстанның біріншіліктерінде топ жарып, «Үздік қорғаушы» номинацияларына ие болып, «Ордабасы» футбол командасының беделді мүшесі ретінде танылған спортшы. Әлі күнге дейін спорт пен қызметті бірге ұштастырып, белсенділік танытып жүр. Ата-анасының мақтанышы. Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы.

Талай жанды ажалдан арашалаған, өз саласының үздігі, азаматтық қорғау старшинасы Әлібек Жұманов бейбіт күннің батыры, халық құрметіне ие болған – құтқарушы.

 

ПІКІР ЖАЗУ