Созақтық сақшылар Ата заң күні бірқатар шаралар ұйымдастырды

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған іс-шараларды ұйымдастыру – қоғамдық санада Тәуелсіздік құндылықтарын және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етеді. Бұл ретте идеологиялық және тәрбиелік сипаттағы іс-шараларды Созақ аудандық полиция бөлімі қызметкерлері өткізді.

Мәселен созақтық тәртіп сақшылары Шолаққорған ауылы С.Қожанов атындағы мұражайдағы дөңгелек үстелге қатысты. Сондай-ақ полиция қызметкерлері Қазақстан Тәуелсіздігінің құрылуына, қалыптасу тарихы, ұлттық мерекенің рөлін түсіндіру мақсатында Сұлтанбек Қожанов атындағы тарихи өлкетану музейін аралады.

Одан бөлек «Конституция күні» мерекесіне орай, аудан көлемінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстың алдын-алуда, ашылуына белсенділік танытып, өз қызметтеріне адал болған қызметкерлер марапатталды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ