СОЗАҚТА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

17 қыркүйек- «Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day 2022)» экологиялық акциясы аясында Созақ ауданында сенбілік өтті.
Сенбілікке аудан әкімдігіне қарасты, бөлім, мекеме қызметкерлері қатысты. Тазалық шарасына белсенді ауыл тұрғындары да атсалысты. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, сенбілік жұмыстарын бақылап бөлім, мекеме басшыларына тапсырма берді.
Тазалық аясында жанашыр тұрғындармен сенбілікке қатысушылар, мекеме ауласын, көше бойларын тазалады. Бөлім, мекемелер өздеріне бектіліген секторды қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Тал көшеттері әктеліп, тұрмыстық қалдықтар жиналды. Аула және көшелерді, арық-атыздарды қоқыстан тазартты.
Мәселен, аудан бойына тазалық жұмыстарына 784 адам тартылып, 53 тонна күл қоқыс шығарылды. Іске 4 техника жұмылдырылды. Әр мекеме өзіне жүктелген аймақта тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоқыстар ауыл сыртындағы полигонға шығарылады.

ПІКІР ЖАЗУ