Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

СОЗАҚТА МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ

 Бүгін аудан орталығы Шолаққорған ауылы, Жібек Жолы көшесінде аудан әкімдігі мен Түркістан облысы «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы, Созақ аудандық филиалының ұйымдастыруымен оқушылардың мектеп формасына жәрмеңке өтуде. Жәрмеңкені аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков аралап көрді. 

 Жәрмеңкеде ауыл, кент округ әкімдіктерінен келген тұрғындар жаңа оқу жылына қажетті мектеп формасын, канцеляриялық құрал-жабдықтарды сатып алды.

Мұнда «Балақай», «Арзан» және тағы басқа сауда орындарынан мектеп формасын, аяқ киім нарықтан арзан бағада сатылуда. Мәселен оқушыларға қажетті канцеляриялық құрал-жабдықтар 10 %-дан 15%-ға дейін, мектеп формасы 10% дан 12 %-ға дейін, аяқ киім 10%-ға дейін, ал сөмкелер 50%-ға дейін жеңілдікпен халыққа ұсынылды.

 Шолаққорған ауылының тұрғыны Тәшімбетова Бибіғайша, -Оқушылардың мектеп формасының сапасы жақсы. Бағалары қолжетімді. Халықтың көңілінен шығып жатыр. Жәрмеңкені ұйымдастырушыларға, кәсіпкерлерге алғысымыз шексіз,- дейді.

 Сатып алушыларға жәйлі болу үшін, арнайы киімдер мен аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен киім қысқартатын тігіншілер тартылды. Сондай-ақ аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының қатысуымен әуендер орындалуда. Жәрмеңке екі күнге созылады.

 

Сәйкес жаңалықтар

Жоғары сынып оқушылармен мамандық таңдау бойынша кездесу өтті

admin

Шекара маңында орналасқан ауылдар жоғары жылдамдықты интернетке қосылды

admin

ШЫМКЕНТ: ҚР халқының ұлттық санағын өткізуге дайындық барысы пысықталды

admin