Созақ: «Спорттық-сауықтыру» кешенінің құрылысын назарға алды

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков аудан орталығынан салынып жатқан заманауи үлгідегі 200 орындық «Спорттық-сауықтыру» кешені құрылысының барысын бақылауға алды. Онда мердігер мекеме өкілдері және жауапты сала мамандары болды.

Аудан басшысы мердігер мекеме өкілдеріне өндірістік кестеден қалып қоймай, жұмысты барынша ширатып, сапасына мән беру керектігін айтты. Бұл жөнініде жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Айта кетейік, жалпы ауданы 3 га болатын спорт кешенінің оқу-жаттығу базасы да барлық заманауи талаптарға сай. Кешенде түрлі облыстық, республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды өткізуге қолайлы жағдай жасалған. Екі қабатты ғимаратта волейбол және баскетбол алаңдары, күрес және аралас жекпе-жек пен боксқа арналған зал, бассейн, футболмен айналысуға арналған ашық спорт алаңы бар.

ПІКІР ЖАЗУ