Созақ: сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстар кеңінен талқыланды

Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен лездемелік жиын өтті. Жиында аудан көлемінде әр сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттерге жеке дара тоқталып, жүктелген тапсырмалардың орындалу барысын назарға алды.

– Қазіргі таңда аудан көлемінде әр сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жетерлік. Ендігі кезете сол жұмыстар мен жүктелген тапсырмаларға салғырт қараған басшылардың мәселесі қатаң түрде қаралады. Бұл мәселе сала орынбасарлары мен барлық бөлім басшыларына қатысты. Мен тек жұмысты барынша үйлестіріп, сапалы әрі уақытылы атқаруды талап етемін. Биылғы жылдың соңына дейін әр сала бойынша атқарылу керек жұмыстар мен оған бөлінген қаржының игерілуі тікелей бақылауымда болады,-деген аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы жүктелген тапсырмалар тым баяу іске асып жатқан сала басшыларын қатаң сынға алды.

Жиын соңында жылу беру маусымында атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталып өтті. Барлық бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Оның орындалу мерзімін нақтылай отырып, арнайы хаттамалық тапсырмаларға енгізді.

ПІКІР ЖАЗУ