Созақ: сайлаудан кейінгі алғашқы жиында алдағы міндеттер жан-жақты пысықталды

Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков қызметіне қайта кірісіп, сайлаудан кейінгі алғашқы лездемелік жиын өткізді.  Жиынға жауапты сала орынбасарлары мен аудан әкімі аппараты, ауыл, кент округ әкімдері және бөлім, мекеме басшылары қатысты.

-Алдымызда үлкен міндеттер тұр. Халық сенім артқан соң тұрғындар сұранысына орай туындаған мәселелер мен атқарылар  әрбір іске аса жауапкершілікпен қарауды тапсырамын. Жүктелген тапсырмаларға немқұрайлылық танытпай, жұмыс барысындағы қажетті шараларды дер кезінде үйлестіру керек. Әлеуметтік-экономикалық мәселелер мен халықтың әл ауқатын арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар күнделікті бақылауымда болады,-деген аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы алдағы міндеттер мен атқарылатын жұмыстарды жан-жақты пысықтап, әкімдер мен бөлім, мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді.

Сонымен қатар, халықпен кездесу барысында тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер жөнінде іс-шара жоспарын түзіп, қажетті шараларды қолға алуды тапсырды.

ПІКІР ЖАЗУ