Созақ: мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына бақылау жүргізілді
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Созақ ауданы әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі бөлімінің бас маманы С.Қарабаев және Созақ аудандық “Демеу” мүгедектер қоғамық бірлестігінің төрайымы, аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі Б.Смахова Шолаққорған ауыл округ әкімі аппаратына мемлекеттік көрсетілетін кызметтердің сапасын арттыру мақсатында қоғамдық бақылау жұмысын жүргізді. Бақылау барысында ауыл округі тарапынан ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің жағдайымен танысып, қызмет алушыларға арналған қабылдаудың сапалы ұйымдастырылуы, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы және бақылау барысында көрсетілетін қызметтердің қол жетімділігімен анық ақпараттың болуы, ғимараттың кіре берісіндегі ішкі жағдайлармен т.б мәселелері қаралып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тиісті деңгейінде ұйымдастырылуы бойынша ұсынымдар берілді.