Созақ: кезекті аппарат мәжілісі өтті

Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Ақәділ Сатыбалдының төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Мәжілістің күн тәртібіндегі бірінші мәселе жылу беру маусымына дайындық шаралар жөнінде аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Ербол Аманов хабарлап, аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Бауыржан Әбенұлы нысаналы мақсатына орай пайдаланылмай жатқан жерлерге түгендеу жұмыстарының барысына тоқталып өтті. Аудан аумағындағы саяси тұрақтылық жөнінде аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерлан Райымқұлов, «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан шаралар жөнінде аудан әкімдігінің ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қайырбек Мейірманов баяндады. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ақәділ Сатыбалды күн тәртібінде қаралған мәселелер жөнінде жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ Таукент, Қыземшек кенттеріндегі орталықтандырылған жылу қазандықтарына қажетті қатты және сұйық отынның жеткізілу барысын назарға алды. Салаға жауапты мамандарға жиында қаралған мәселелер бойынша қажетті шараларды сапалы әрі уақытында атқаруды және осы бағыттағы жұмыстарды әркез бақылаудан шығармауды ескертті.

ПІКІР ЖАЗУ