Созақ халық театры ұжымы жүлделі бірінші орынды иеленді

Келес ауданында Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл, Келес ауданының қайта құрылғанына 5 жыл, сондай-ақ «Келес» халық театрына 45 жыл толуына орай халықтық театрлар арасынан өткен облыстық фестиваль қорытындыланып, өз мәресіне жетті.

Облыс аумағынан 11 халықтық театры қатысқан фестивальге режиссер Рүстем Ерназаров бастаған Созақ Халық театры ұжымы қатысып, жүлделі І орынды иеленді.   Басты рөлді сомдаған Мархаббат Бейсенова «Үздік актриса» номинациясымен марапатталды.

Байқауға Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының ұстазы, Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының актері, «Құрмет» орденінің иегері, Үсіпхан Сейтімбет, Түркістан музыкалық драма театрының директоры,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімхан Мырзахан, Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының директор орынбасары, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғылым магистрі, оқытушы Алмас Шымалиев,  Түркістан облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының бөлім жетекшісі Асылхан Темірхан, Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының режиссеры Рабия Бейсебаева төрелік етті.

ПІКІР ЖАЗУ