Созақ: «Бақытты болашақ үшін» сурет конкурсының жеңімпаздары анықталды

Бүгін аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен 9 желтоқсан – Халықаралық сыйбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған  «Бақытты болашақ үшін: ашық қоғам, парасатты азамат, адал ұрпақ» сурет конкурсының жеңімпаздары анықталды. 

Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерлан Райымқұлов жүлделі орыннан көрінген жас таланттарды арнайы дипломмен марапаттап, қаржылай сыйлықтар табысталды.

​Аталмыш конкурс сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін көтеру, халық арасында әдеп құндылықтарын насихаттау, жас ұрпақтың шығармашылығын қолдау мен дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

Әділ қазылар алқасы келіп түскен жұмыстарды тақырыпқа сәйкестігі, шығармашылық жаңалығы, орындау шеберлігі мен ерекше тәсілді қолдануы, өнімнің эстетикалығы сынды 6 критерий бойынша бойынша саралады.

​Қазылар алқасының ұйғарымымен:

І орынды Қыземшек кентіндегі Л.Бөкенов атындағы  жалпы білім беретін мектептің оқушысы Бейбарыс Алижанұлы Бәйгебай иеленді;

ІІ орынды Л.Бөкенов атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушысы Алиасқар Абайұлы шаттық алды;

ІІІ орын Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектептің оқушысы Айшуақ Асханқызы Бақтыбайға бұйырды.

​Ынталандыру сыйлықтарымен:

Т.Әлімқұлов атындағы мектеп-лицей-интернат оқушысы Шұғыла Ерланқызы Балтабек;

Жартытөбе ауылдық округінің Аққолтық ауылындағы Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп оқушысы Балым Ғабитқызы Құдайберген; 

Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектеп оқушысы Арайлым Маратқызы Мейрамбай марапатталды. 

Сонымен қатар, оқушыларды бейнелеу өнеріне баулып, жасөспірімдердің шығармашылығын шыңдап, креативтілік қаситеттерін қалыптастырудағы еңбектері үшін бірқатар ұстазға аудан әкімінің алғыс хаттары табысталды:

Сәрсембек Бабайбекұлы Көлшікбаев – Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп мұғалімі;

Майра Әділбекқызы Айдарбекова – Тәкен Әлімқұлов атындағы мектеп-лицей-интернат мұғалімі;

Гүлчехра Қалиқызы Оразбаева – Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы орта мектеп мұғалімі;

Айдар Алижанұлы Бәйгебаев – Ләнде Бөкенов атындағы жалпы білім беретін мектеп мұғалімі.

ПІКІР ЖАЗУ