Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Созақ ауданының әкімі жеке қабылдау өткізді

Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында, аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков тұрғындарды жеке мәселесімен қабылдады.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары, бірқатар ауыл округ әкімдері мен бөлім басшылары қатысты.

Қабылдау барысында аудан басшысы тұрғындардың өтініштерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Қабылдауға келген тұрғындардың негізгі мәселелері жұмысқа орналасу, тұрғын үй, әлеуметтік көмек алу бойынша мәселелерін көтерді. Айтылған әр мәселеге байланысты жауапты сала басшыларына тиісті шараларды дер кезінде қабылдап, заң аясында қарау туралы тапсырма берді. Сондай-ақ, аудан басшысы әр тұрғынның өтінішін ескеріп, жіті бақылауында болатынын жеткізді.

Сәйкес жаңалықтар

Мәдениет саласында Түркістанның өз бренді қалыптасуда

admin

Су тасқыны. Тоқаев бірқатар азаматты салтанатты түрде марапаттады

admin

Шымкентте жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі өтеді

admin