Созақ ауданының әкімі аппаратының кезекті мәжілісі өтті

Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Мәжілісте аудан әкімінің орынбасарлары мен аудан әкімі аппаратының басшысы, ауыл, кент округ әкімдері мен бөлім, мекеме басшылары қатысты.

Жиында аудан басшысы халықпен кездесу барысында көтерілген өзекті мәселелердің орындалу барысын талқылады. Өзекті мәселелер бойынша атқарылған жұмыс барысын ауыл, кент округ әкімдері баяндады. Аудан басшысы тұрғындар тарапынан көтерілген мәселенің әлі де болса шешімін таппай отырған тұстарына тоқталды. Ауыл, кент округ әкімдерінің жұмысын сынға алып, бірқатар сала бойынша кемшіліктер орын алып отырғанын тілге тиек етті. Аудан әкімі коммуналдық мәселе бойынша жауапты бөлім басшысы мен кемшіліктер орын алған ауыл, кент округ әкімдеріне тиісті тапсырмалар жүктеді. Тапсырмаларды қатаң бақылауда ұстайтынын айтқан аудан әкімі Мұхит Сексенбайұлы Жартытөбе, Сызған, Қарақұр ауыл округ әкімдерінің жұмысын қатаң сынға алды.

ПІКІР ЖАЗУ