Созақ ауданында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Созақ ауданы аумағында тұрғындармен сенімді қарым-қатынас орнату, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында, ағымдағы жылдың 16 қыркүйек — 1 қараша аралығында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.

Іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары өздерінің бекітілген әкімшілік аймағындағы тұрғындармен танысу, тұрғындардың арасында болған әртүрлі құқық бұзушылықтарды анықтау үшін тұрғын үйлер мен көпқабатты үйлер тексерілуде. Ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған тұлғалар тексеріліп, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, іс-шара кезінде жалға берілетін пәтерлер, азаматтық қару иелері, базарлар мен өзге сауда жасау орындары, саяжайлар мен шаруа қожалықтары, құрылысы тоқтатылған немесе қараусыз қалған нысандар тексерілуде. Тексеру барысында тіркелмеген қарулар мен тыйым салынған заттарды сақтағандарды анықтау, тұрғылықты мекен-жайлары жоқ адамдар, адамдарды заңсыз жұмысқа пайдалану, шетелдік азаматтардың көші-қон заңнамасын бұзу фактілері назарда болады.

Созақ ауданы полиция бөлімі.

ПІКІР ЖАЗУ