Сот орындаушыларының атқару істерінің сапасы мен біркелкі жіберу мәселесі талқыланды
Арыс аудандық сотында аудан көлеміндегі жеке сот орындаушылармен “Сот орындаушыларының атқару істерінің сапасы мен біркелкі жіберу мәселесі” дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында сот орындаушылардың қаулыларының санкциялау бойынша орын алған кемшіліктер баяндалды, атап айтқанда сотқа өткізілген ұсыныстардың сапасы түпкілікті сот актісі шығарылған тілде ғана ұсыныстар өткізілу керектігі, сонымен қатар қаулыда толық көрсетілмеген уәждер, сотпен санкцияланғаннан кейін сот актісі болып есептелетінін, сондықтан бас тарту фактілерін азайту мақсатында сапаға көңіл бөлу қажеттілігі түсіндірілді.
Сондай-ақ кездесуде Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі “Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы” Заңында көзделген санкциялау және шектеу қою баптары бойынша да аталған кемшіліктерге тоқталып, түсіндірілді.
Жиын соңында ұсыныстар айтылып, туындаған сұрақтарды өзара талқылады.