Сот мұғалімді бұрынғы жұмысына қайта орналастырды

Келес ауданында орналасқан жалпы орта білім беру мектебінің бірінде бұрынғы мұғалімі жұмыстан босату жөніндегі бұйрығымен келіспей, жұмыс берушінің жұмыстан босату туралы бұйрықтың күшін жойып, жұмысына қайта орналастыру және амалсыз бос жүрген күндеріне жалақы өндіру туралы талап қоюмен Келес аудандық сотына жүгінген.

Сот отырысында анықталғандай арызданушы мен мектеп директорының арасында 2019 жылы сәуір айында еңбек шарты түзілген.

Алайда, 2023 жылы қазан айындағы Келес аудандық полиция бөлімінің анықтаушысының қаулысымен талап қоюшы Д. 2012 жылы берілген дипломы жалған екенін біле тұра оны мектепке ұсынып, пайдаланған фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, мерзімінің ескіруіне байланысты тоқтатылған.

Осы жағдайға байланысты, 2023 жылғы қыркүйек айындағы Келес аудандық полиция бөлімінің ұсынысына сай, талап қоюшы Д.-мен түзілген еңбек шарты мектеп директорының бұйрығымен тоқтатылып, жұмыстан босатылған.

Сот іс-құжаттарын зерделеп, жұмыс беруші мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін босатуы, яғни еңбек шартын бұзу туралы бұйрыққа аудандық білім бөлімінің келісімі арқылы жүзеге асырады делінген талабын орындамастан заңсыз келген деген тұжырымға келді.

Сот шешімімен мектеп директорының бұйрығы заңсыз деп танылып, күші жойылды. Талап қоюшы Д. бұрынғы қызметіне қайта орналастырылды, ал амалсыз бос жүрген күндеріне жалақы өндіру туралы талабы қанағаттандырусыз қалдырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

https://t.me/trk_sud 

 

ПІКІР ЖАЗУ