Сот актілерінің орындалу мәселесі талқыланды

Сарыағаш аудандық сотында сот актілерінің орындалу мәселесіне байланысты дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға төрағаның м.а. А.Утемисов, судьялар А.Малаева, М.Жунусова, мемлекеттік және жеке сот орындаушылардың басшылары мен сот орындаушылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелді А.Утемисов ашып беріп, өз сөзінде сот актілерінің орындалуы құқықтық тәжірибенің ең маңызды бөлігі болып табылатынын, мұның өзі мемлекеттегі сот төрелігінің тиімділігін көрсететінін, сот шешімдерінің толық әрі уақтылы орындалуы сот билігінің беделін ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің мәртебесін де айқындайтынын, заңды және негізді сот актісін жариялау жеткіліксіз екенін, бастысы оның жылдам, толық және сапалы орындалуы қоғамның сот жүйесіне деген сенімін арттыратынын атап өтті.

Кездесу барысында судья А.Малаева сөз алып,сот пен жеке сот орындаушылар палатасы арасындағы сот актілерін орындау бойынша өзара іс-қимыл мәселелері, сот актілерін орындамай негізсіз қайтару фактілері, уақытылы сот актілерінің орындалуы туралы хабарлау туралы және сот актілерінің орындалу сапасын арттыру жөнінде талқыланды.

Сонымен қатар, сот орындаушылардан келіп түсетін санкция материалдарының құжаттарының толықтығы мен негізділігін қамтамасыз етуді ескертті.

Атқарушылық іс жүргізу заңды құқықтарды қорғау жөніндегі құқық қорғау қызметінің соңғы сатысы болып табылуына байланысты сот шешімдерінің орындалмауына байланысты мәселелердің шешімін табуды мұқият түрде зерделеп, талқылау қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар берілді.

Қорытындылай келе, А.Утемисов жалпы жоғарыда аталған тақырып бойынша сот актілерін орындау сапасын көтеруге, сот актілерінің орындалуы бойынша жұмысты барынша күшейтуді талап етті.

ПІКІР ЖАЗУ