«Сот актілерін орындау мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті

Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырлған ауданаралық сотында «Сот актілерін орындау мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Іс-шараға осы соттың судьясы С.Абсаматов,судья Г.Мекембайқызы, Түркістан облысы Әділет департаментінің сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлім басшысының міндетін атқарушы М.Қожанов, Түркістан облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы М.Сауран және сот қызметкерлері қатысты.

Онда Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының талаптарының сақталуы, сот актілерінің толық әрі уақытылы орындалуы, сот актілерін орындау барысында туындайтын қиындықтар мен мәселелер талқыланды.

Төрағалық етуші С.Абсаматов іс-шараны ашып, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерінің Қазақстан Республикасының барлық аумағына міндетті орындауға жататынын атап өтті.

Сот актісін орындалу мен іске асыру бойынша сот орындаушылары жүзеге асыратын мәжбүрлеу жүйесі істейтінін, сот актілерінің орындалуы, сот орындаушылары тарапынан орындаудың созылуы, орындауға жолданған сот актілерін орындаусыз себептері көрсетілмей кері қайтарылғаны туралы және атқару органдарындағы атқару құжаттарының орындалуының заңдылығы туралы сұрақтар қозғалды.

Сондай-ақ сот актілерінің орындалуының құқықтық тәжірибенің ең маңызды бөлігі болып табылатынын, мұның өзі мемлекеттегі сот төрелігінің тиімділігін көрсететінін атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында төрағалық етуші С.Абсаматов заңды күшіне енген сот актілері барлық мемлекеттік билік органдарына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, қоғамдық ұйымдарға, лауазымды тұлғаларға міндетті әрі Қазақстан Республикасы аумағында қатаң орындалуы тиіс екендігін айтып, сот актілерін орындамау, сонымен бірге сотқа құрмет көрсетпеу заңмен көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын,заңды күшіне енген сот актілерін орындамауға байланысты бұзылған құқықтарды сотта қорғау процесі мағынасыз болып қалып, сот төрелігіне қол жеткізу құқығы жүзеге аспайтындығын айтып өтті.

Сондай-ақ, ол сот шешімдерінің толық әрі уақытылы орындалуы сот билігінің беделін ғана емес, мемлекеттің мәртебесін де айқындайтындықтан аталған мәселеге жауапкершілікпен қарау керек екендігін түсіндірді.

Іс-шара соңында сот шешімдерін орындау жүйесіндегі мәселелерді одан әрі шешу мақсатында ұсыныстар қабылданды.

ПІКІР ЖАЗУ