“Сол кеткеннен қайтып келмеді”: Нағима Есқалиеваның ұлы әкесі туралы шындықты ашты

Қазақ эстрадасының жұлдызы, белгілі ұстаз Нағима Есқалиеваның ұлы Диас Аблаев анасының сәтсіз некелері туралы жан сырын ақтарды. Әнші туған әкесін есіне алып, өгей әкесімен қарым-қатынасы қандай болғанын ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Диас Аблаев алғаш рет ата-анасының ажырасуы туралы айтып, бала күнгі естелігін бөлісті. “Ата-анам ажырасқанда мен кішкентай болдым. Тек бір сәт қана есімде қалыпты. Жаңа пәтерге көшіп келіп жатқанда, әкем үйге кірген жоқ. Анам маған қарап тұрды да: “Балам, бәрі бітті” деді. Әкем есікті жауып кетіп қалды. Мен ешқашан екеуінің ұрысқандарын көрмеппін.

Енді үшеуміз бірге тұрмаймыз деген ой болған жоқ. Әлі бала болғасын, әкем келгесін бірге ойнаймыз деп ойладым. Бірақ әкем сол кеткеннен анама қайтып келмеді. Сол кезде-ақ түсіндім. Әкемді ешқашанда жамандаған емеспін. Ол қарым-қатынас құруға, адаммен тез тіл табысуға өте бейім. Ата-анамның ажырасуын айту әлі күнге дейін қиындау тиеді. Бірақ бұл – өмір”, – деді әнші.  Оған қоса Нағима Есқалиеваның ұлы анасының екінші рет тұрмысқа шыққанын айтты. “Әкем кеткеннен кейін анам екінші рет тұрмыс құруға шешім қабылдады. Ол сәттерді еске түсіру өте ауыр. Көп жерде айтқым келмейді. Одан кейін ол кісі қайтыс болып кетті. Тіпті мені “әке” деп айтуға мәжбүрледі. Анама бұл кісімен қалса, өте қауіпті әрі қиын екенін ескерттім. Абьюзер адам болды” , – деді өнер иесі Тимур Балымбетовке берген сұқбатында.  

ПІКІР ЖАЗУ