Слесарь-жөндеуші – «Еңбек даңқы» орденінің иегері

 

Ауданның әлеуметтік-экономикалық өсіп өркендеуіне коммуналдық сала қызметкерлері айтарлықтай үлес қосып келеді. Халықтың күнделікті тыныс-тіршілігін біліп, келеңсіз жағдай орын алса, жылдам іске кірісетін коммуналдық саланың жауапкершілігі мол.

Аталған салада қызметін абыроймен атқарып келе жатқан азаматтардың бірі – Қоныс Тілемисов. Ол 1982 жылы Ленгір қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 1999 жылы арнаулы орта білім беретін оқу орнын аяқтаған соң «Төлеби көп салалы коммуналдық кәсіпорнында слесарь-жөндеуші болып бастайды. Қазіргі таңда «Жарық жолдар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің слесарь-жөндеушісі болып жұмыс істейді.

Қоныс Қалмасұлы алдына мақсат қоя алатын, өз ісін жетік білетін тәжірибелі маман. Саладағы жұмыс өтілі – 23 жыл. Ол жұмыс істеген уақыты ішінде тәртібіне байланысты ешқандай сөгіс алмаған. Айта кетейік, оның ұзақ жылғы жемісті еңбегі бағаланып биыл III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің иегері атанды.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ