Сианнан Алматыға туристік жолаушылар пойызы жіберіледі
Қытай Халық Республикасындағы қазақстандық туризм жылы аясында «Сиань – Алматы» бір реттік туристік жолаушылар пойызын іске қосу мәселелері талқыланды.
Көлік министрлігінде өткен жиында мүдделі тараптардың өкілдерімен бірлесіп техникалық және технологиялық мүмкіндіктерге, сондай-ақ туристік пойыздың жүруіне қатысты мәселелер әңгіме арқауына айналды.