Шымкенттік полицейлер жанып жатқан көлікке жедел көмек көрсетті

 949 автоэкипаж қызметкерлері Ташкент-Шымкент тас жолын патрульдеу кезінде көрші мемлекеттен келе жатқан жүк көлігінен түтін шығып, жанып жатқанын байқады. Полицейлер еш ойланбастан, жол жиегінде тұрған көлік құралының жанына тоқтап, бірден апаттың алдын алуға кірісті.

    Полиция аға лейтенанты Бишинов Қанат жүк көлігінің үстіне жылдам көтеріліп, түтін шығып жатқан жердегі тентті ашты. Ал, әріптесі Машрапов Мұратбек уақыт жоғалтпастан оқиға орнына өрт сөндірушілерді шақырып, олар келгенше жақын маңда жүрген водовоз жүргізушісіне өтініш жасап, тұтанып жатқан өртті алауыздады.

     Өз кезегінде, әбден абдырап қалған жүк тасымалдаушы тәртіп сақшыларына бей-жай қарап өтпегені үшін алғыс білдірді.

–  Мен Ташкенттен келе жатыр едім. Айнадан түтінді байқадым да, тоқтадым. Не болғанын түсінбей үрейленіп тұрғанымда екі полицей көмекке келді. Олар бәрін тез және дер кезінде түсініп, тентті ашып, тауарларды сыртқа шығарды.  Өрт сөндірушілерді шақырып, су таситын көлікті де тауып келді. Өрт бірден ауыздықталды. Оларға көп рахмет. Жолда осындай жақсы адамдар көп болсын – деді жүргізуші.

ПІКІР ЖАЗУ