Шымкенттік оқушы халықаралық фестивальде бас жүлдені иеленді
- Шымкенттік оқушы халықаралық жарыстан жеңіспен оралды. Маусым айының 3-4 аралығында Ташкентте өткен халықаралық “ZHULDYZ ART KAZAKHSTAH”
 - конкурс-фестивалінде қаламыздағы N 90 Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының оқышысы Ханша-Айым Арманқызы бас жүлдені иеленді.
 - 5-сынып оқушысы Ханша-Айым өзінің жас ерекшелігінде вокал бағыты бойынша топ жарды. Түрлі елдің намысын қорғаған
 - 800- ден аса өнерлі бала бақ сынасқан байқау тартысты өтті.
 - Бас жүлдегер түрлі тақырыптағы әндерді әуелете орындап, талайды таңдай қақтырды.
 - Сарапшылар кішкентай өнерпаздың сахнада өзін-өзі ұстауына, дауыс ырғағына, сезімталдығына жоғары баға берді. Осылайша Ханша-Айым Арманқызы тек өзі білім алатын мектебінің ғана емес, халықаралық шарада мегаполистің абыройын да асқақтатты.
 - Жеңімпаздың ұстазы аталған мектептің музыка пәнінің мұғалімі, вокал үйірмесінің жетекшісі Роза Амрина –
 - Құрмет белгісі орденінің иегері, ҚР білім беру ісінің үздігі, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері.
 - Сондай -ақ Еңбек ардагері төсбелгісімен, ҚР Президентінің Алғыс хатымен, Ұлағатты ұстаз төсбелгісімен марапатталған.
 - Шәкірттері бүгінде АҚШ, Германия, Чехия, Болгария, Греция, Түркия, Ресей, Өзбекстан республикаларында өткен вокал байқауларының жеңімпаздары.
 - Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
 

                			
                                        			



