Шымкенттік кәсіпорын 3 тоннаға дейін табиғи шырындар шығара алады

Басқарма басшысы А.Қаныбеков және орынбасары А.Джанбатыров қаланың ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлес қосып келе жатқан кәсіпкерлік нысандарының жұмысымен танысты.

Ең алдымен 2021 жылға жоспарланған қалада іске асырылатын жеміс-көкөністі қайта өңдейтін кәсіпорын «Дары Сайрама» ЖШС-не барды.

Айта кетсек, жоба құны 300 млн. теңгені құрайтын Кәсіпорын құрылысының қазіргі таңда 40 пайызы аяқталып, қосымша құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Онымен қоса кәсіпорын иелігінде жалпы аумағы 2 гектарды құрайтын жылыжай кешені де бар. Онда қызанақ, ащы бұрыш секілді көкөніс түрлерін өсіреді.

Кәсіпорын іске қосылғанда сағатына 3 тоннаға дейін жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеп, табиғи шырындар шығара алады. Бұдан әрі тағамдық жұмыртқа бағытындағы қаладағы ірі құс фермасының бірі «Тассай құс» ЖШС-не жол тартты.

Құс фермасы 2015 жылы іске қосылып, жылына 20 млн. дана жұмыртқа өндірісінен бастаған. Бүгінгі күні жылына қуаттылығы 37 млн. дана тағамдық жұмыртқа өндіре алады.

Қазіргі таңда құс фермасының аумағын кеңейту мақсатында қосымша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба іске қосылғанда жылына қуаттылығы 50 млн.дана дейін тағамдық жұмыртқа өндіреді.

ПІКІР ЖАЗУ