Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Шымкенттік азамат көлік аламын деп ақшасынан айырылды

Шымкент қаласының тұрғыны көлік аламын деп ақшасынан айырылды. Ол қымбат көлікті арзан бағаға сатып алмақ болған, деп хабарлайды  jasqazaq.kz

1 қарашада Абай АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арыз берген. «Шымкент қаласының тұрғыны «Колеса.kz» сайты арқылы «Chevrolet Cruze» маркалы автокөлікті 1 млн теңгеге сатып алмақшы болған. Алайда өзін «Дмитрий» деп таныстырған азамат алдын ала төлем ретінде 300 мың теңге сұраған. Арызданушы оның Kaspi Gold-на ақшаны аударып жіберген. Содан кейін көлік иесі ұялы телефонының қоңырауына жауап бермей, WhatsApp желісін бұғаттап тастаған», – делінген Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінде. Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында күдікті ретінде Түркістан облысының 40 жастағы тұрғынын ұстады. Қазіргі таңда аталған жайт негізінде ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға алаяқтардан барынша сақ болуға шақырады.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан: ҚР ҚПК 106-бабы тәртібімен өзекті мәселелер талқыланды

admin

Кентауда: «Ащысай түсті металл»комбинатына 95 жыл толды

admin

Жемқорлыққа қатысы бар шенеуніктерді тергеу басталды – Антикор

admin